Мен сіздерге Джонатан Свифттің «Гулливердің саяхаттары» кітабын
ұсынғым келеді. Бұл кітапта Гулливер есімді дәрігердің мұхит төсінде
кемемен саяхаты баяндалады. Алайда, «Гулливердің саяхаты басқа
саяхатшылардың оқиғасына ұқсас» десеңіз қателесесіз. Ол дауыл кесірінен
қалыпты адамның көлемінен әлдеқайда кіші адамдардың тұрағы, өзгеше
бір аралға «Лилипуттар еліне» тап болады. Лилипуттар елінде ол қызықты
да ойлы оқиғалардың бел ортасында болады. Кейін алыптар еліне кездесіп,
өзін құмырсқадай сезінеді. Одан соң «Гуигнгнмдар еліне» кез болған оның
өз еліне, Англияға қалай тап болғанын білгіңіз келе ме? Ендеше
«Гулливердің саяхаттарын» оқыңыз. Бұл романда сіздер жер бетінде
кездеспейтін адамдармен, таңғажайып жануарлармен бетпе – бет келесіз!