Бұл кітаппен танысқан адам тарихтың жабулы қалған беттерін
қайта ашқандай болады. Қазақта “Өткенсіз болашақ жоқ” деген тамаша
мақал бар. Автор осы мақалға сүйеніп түркілердің шыққан тегін, олар
жайында тарихшылардың жазған ойларын өзге қырынан талдап,
оқырмандарға “Түркілер деген кімдер?” деген сұраққа жауап береді. Бұл
кітапты ғылыми еңбекпен салыстыруға болады. Сондықтан да, түркілердің
тарихы және мәдениетімен қызығатындар болса, бұл таптырмас оқулық.
Оқулық қана емес, жазылу стилінің публицистикаға жақын болғандықтан
кітапты қолына алған әр оқырман үшін қызықты болары сөзсіз.