Сидни Шелдонның «Періштелердің қаҺары / Rage of
Angels» детективін оқып бітірдім. Алған әсерімнен әлі арыла алмай
жүрмін. Жалпы, детектив жанры жаныма жақын еді. Бұл романның
артықшылығы — мұнда тек детектив қана емес, махаббат хикаясы да
баяндалған. Басты кейіпкер — адвокат Дженнифер. Хикая барысында
оның өмірден көрген қиындықтары мен сот отырыстары, жетістіктерге
жету жолдары мен жеке өмірі сипатталады. Әрбір қылмыстық істердің
шешілу барысы оқырманның психологиясына әсер етері сөзсіз.
Шығарма біршама көлемді болғанымен, жалықтырмайды, керісінше,
оқиға немен аяқталар екен деген құлшыныспен оқисыз. Шығармның
соңы сәтсіз аяқталатыны өкінішті, бұл сізді тұңғиық ойға батыруы
және өмір жайлы қайта ойланып көруге итермелеуі мүмкін.