Сіз өткен ғасырдың тарихынан толығымен хабардар болғыңыз келе ме?
Бұл кітап нағыз шежіреге тұнып тұрған кітап. «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» дейді ғой. Егер де тарихымды білемін десеңіз Тұрардың өмірін оқыңыз!
Ата-анаңыздың бірінен немесе екеуінен де айрылдыңыз ба, қайтыс болды ма? Тағдырдың тәлкегінен шаршадыңыз ба? Қиындықтарға қалай қарсы тұруды білмейсіз бе?
Тұрар анасынан сәби кезінде айрылған, әкесінен он-он бір жасында айрылған. Тағдырдың қаншама қиындығы болса да, мойымай жалғыз өзі күрескен. Кеңес Үкіметі кезінде атағы бойынша екінші адам болды. Бұл кітапты оқып шықсаңыз, қиындықтарға қарсы жол табатыныңызға сенімді болар едім. Тұрардай атағы жер жарып тұрған адам болмасаңыз да, өзіңізді өрге сүйреудің жолдарын табатыныңызға сөз беремін.
Сіз алғашқы махаббат жайлы жазылған еңбектердің бірін оқығыңыз келеді ме? «Қызыл Жебе» кітабы бұл тақырыптан шет қалған емес. Қозы мен Баянның, Абай мен Тоғжанның, «Махаббат қызық мол жылдар» кітабындағы Ербол мен Меңтайдың сезімдерінен кем түспейтін нағыз махаббат оқиғасы бар бұл кітапта.
Психологиялық кітаптарды оқығанды ұнатасыз ба? Шетелдің Дейл Карнеги сынды ғалымдарының кітаптары ұнайды ма? Көпшілік алдында сөйлейтін сөзіңізді ұмытып қаласыз ба немесе сөйлегенде тұтығып қаласыз ба? Сөйлегенде сөзіңіздің өтімдігі байқалмайды ма? Егер осыған ұқсас мінездеріңіз болса және соларды бойыңыздан аластатқыңыз келсе, «Қызыл Жебе» нағыз сізге арналған кітап. Көпшілік алдында сөзін елге әсерлі жеткізе білуі үшін, Сөзінің өтімділігін бойына қалайша дарытқанын, батылдығының арқасында тіпті Сталиннің өзіне «Сталин жолдас» деп емес, тікелей «Сталин қателеседі!» деп Сталинге де сөзін өткізе білген. Оның бәрі бойына туабітті қасиеті емес. Осындай мінезді бойыңызға дарытқыңыз келсе, Тұрардың өмірін оқыңыз! М. Әуезовтың «Абай жолы» кітабындағы Абайдың образын өзге де адамдардан көргіңіз келеді ме? Сүйіндік ауылына алғаш рет Абайды әкесі жібергені естеріңізде бар ма? Тура осыған ұқсас Тұрарды да Бакуде өткен жиынға тәжірибе жинасын деп жібереді. Бұдан бөлек Абай мен Тұрардың ұқсас тұстарын көп байқауға болады. Әсіресе, екеуінің өтімділігін салыстырсам, Шерхан атаның жазу стиліне қатты таң қаламын. Әкеңіздің жоқтығынан өзіңізге әкелік мейірім жетпей немесе дұрыс бағдар беретін ешкім жоқ па? Әкелік мейірім мен ақылды Рысқұлдың образын бейнелеген Шерхан атаның осы кітабынан таба аласыз. Қысқасы айтқанда, өміріңіздің мәнін де сәнін де келтіретін осы кітап.
Кітаптың ерекшелігі жан-жақтылығында. Белгілі-бір мақсатты ұстанып қалмаған. Мысалы, «Махаббат қызық мол жылдар» кітабының негізгі ұстанған тақырыбы махаббат болса, «Қызыл Жебе» кітабында бәрі бар. Нағыз өмірді оқи аласыз! Тағы да айтарым оқыңыздар!