Сіз — « артық ғылым – кітапта, ерінбей оқып көруге» деген Абай сөзін ұстанатын болсаңыз, сіз — Шекспирдің «кітап -тақтан да қымбат» деген сөзін қолдасаңыз, ендеше , қазіргі таңдағы жастар поэзиясында «Мақпал мақам» деген атпен қалыптасқан ақын қыздарыңыз Мақпал Жұмабайдың «Қырандар мен қазақтар» атты жыр жинағын оқуларыңызға кеңес беремін! «…Замандастан бір-ақ нәрсе керек, өлеңімнің бір сөзі бір ойы немесе бір иірімі оның көкейіндегіні дөп баса… Мына тынышсыз әлемді өлеңіммен ғана жұбата ааламын. Жырыммен ғана тербей аламын. Өлеңіммен ғана өзгерте аламын, жырыммен ғана жаңарта аламын. Сол үшін аялдауға уақытым жоқ! Жырлай беремін…» деп оқырманға шынайы лебізін білдірген Мақпал Жұмабайдың бұл жыр жинағынан жастық жырын, қазақ жеріндегі көтеріліп,шешімін таппай келе жатқан мәселелердің әдеби нұсқасын оқи аласыздар.
Абибулла Назерке Низамудинқызы