«Волоколамск тас жолы» кітабы көркем қиялдан жасалатын үйреншікті
әдеби туынды емес, панфиловшылардың аты-жөндері толық сақталып, олар
қатысқан ұрыстар сол қалпында суреттелетін әскери-документті шығарма
болатындықтан, кітап үшін тек Александр Бек қана жауап беріп қоймайды,
сонымен бірге кітаптың шындығы үшін панфиловшылардың аруағы алдында,
тарих алдында және замандастар алдында Бауыржан Момышұлы қоса жауап
береді. Сондықтан Бауыржан Момышұлы Александр Бектен шығарманың
көркем шындығы өмірде болған оқиғамен барынша дәлме-дәл келуін, ол
оқиғалардың педанттық дәлдік пен ұсақ документализмнің ізін қуаламай,
үлкен шындықтың жиынтықтау елегінен өткізіп, қорытылуын талап етуге
міндетті. Егер әдеби тәсіл,стиль, жазу мәнеріне байланысты қажет болса
ғана, онда да екеу ара ақылдаса
отырып, нақты болған оқиғадан сәл-пәл ауытқуға болады. Онда да мұндай
ауытқудың салдары соғыс өмірі шындығының қан төгіп, жан қиып жинаған
қасиетті документіне көлеңке түсірмейтін болса ғана солай етіледі.
Бауыржан Момышұлы кітаптағы барлық әскери, іскери психологиялық
мәселелердің дұрыстығына жауап береді, бұл мәселе жөнінде Александр
Бекпен екеуінің арасында дау туса, онда кесімді сөз Бауыржан
Момышұлынікі болады. Ал, арада әдеби мәселе жайында дау бола қалса,
онда шешуші сөзді Александр Бек айтады.
Кітап қолжазбасының тұңғыш редакторы Бауыржан Момышұлы болады.
Тек Бауыржан Момышұлымен ақырғы тоқтамға келгеннен кейін ғана
Алекеандр Бек кітап
қолжазбасын баспасөз бетіне ұсынады. Содан кейінгі редакциялық және
басқа да
өзгертулер де мүмкіндігінше Бауыржан Момышұлымен келісіледі. Сонымен
бірге біз
болашақ үшін негізгі дана деп тек екеу ара келісілген қолжазбаны ғана (одан
кейін ешқандай өзгерту, түзету енгізілмейтін) санаймыз. Оның бір данасы
ҚазФан-да
(Ғылым академиясының қазақ филиалында), Бауыржан Момышұлының өзге
материалдарымен бірге оригинал есебінде сейфте сақталады. Ол
документтерді,
егер Бауыржан Момышұлы қалдырған өсиетті орындайтын болса, Александр
Бек еркін пайдаланатын болады.
Кітапты қазақ тілінде шығару үшін Бауыржан Момышұлының
басшылығымен қазақ жазушыларының А.Бектің қолжазбасына өзгертулер,
қосымшалар енгізуіне, сөйтіп оны Бауыржан Момышұлының қазақ және
орыс тілдеріндегі басқа материалдары (очерктер,
әңгімелер, мақалалар, өлеңдер, әскери жазбалар және басқалар) сияқты алғы
нұсқа ретінде
пайдаланып, мейлінше қайта жөндеулеріне болады.
Бұл шарт 1942 жылдың март-апрелінде майданда жасалды, 1944 жылдың
18 декабрінде Москвада қағазга түсірілді.
3.Менің ұсынғалы отырған кітабым « Волоколомск тас жолы» немесе
арпалыс деп аталатын туынды. Авторы Александр Бек. Бірнеше тілге
аударылып бірнеше Лауазымды кісілерге сыйға тартылған кітапқа
қызығушылық артпауы мүмкін емес.Қазақ халқының мінезін қойдай жуас
болғанымен ашуланса қасқырдай айбат шегетінін бір өзінің түр тұлғасында
көрсете білген Бәукеңнің өмірінен сыр шертеді. Тіптен Фидель Кастро
газетке берген сұхбатында мен мақтан тұтатын кейіпкер Волоколомск тас
жолы кітабының қаһарманы Бауыржан Момышұлы деген екен.
В 1963 году было опубликовано интервью с Фиделем Кастро. На вопрос: «Кого вы
могли бы назвать героем Второй мировой войны?» Кастро ответил:
Героя книги Александра Бека «Волоколамское шоссе» — казаха Момыш-улы.