Сидни Шелдонның «Интриганка» романы өте қызықты. Жігерлі әйелдің мінез-құлқы сипатталған. Романның негізгі түйіні, ойы, кітаптың соңында сипатталған, сондықтан басын оқып жалығып кетпеңіздер. Басты рөлдегі Кэтрин Макрегор өз ісін сүйіп айналысқан бизнесмен әйел, бизнесті бағындыра алатын ойын деп есептеген. Қайтыс болған күйеуіне қарағанда бизнесті жақсы көрген. Бірақ өз ұлына ісін қайталауды жеткізе алмаған. Сондықтан, баласы өз жолын қуу үшін, көптеген кедергілер жасап романда қиындықтар туғызған. Ұлы шешесінен қорқып, шешесімен сөйлескенде тұтығатын. Мүмкін суретші болғысы келгеніде, бизнесмен болғысы келмегендіктен шығар. Кэтринның немерелеріне деген қарым-қатынасы көңілімді толтырған жоқ. Бір немересін ғана қаттырақ жақсы көрді, ол дұрыс емес. Ол Кэтриннің ең үлкен қателігі болды деп ойлаймын. Бүкіл әлемді өзіне бағындырғысы келгенмен бағындыра алмады. Романның өз өміріме тұжырымда алатыны, ол Кэтринның әкесінің бизнесі тастамай тырысып алға жетелегені. Одан әрі дамытқаны. Қәзіргі заманда ондай ерлік жасайтын қыз баланы көре алмайсың.
Америка жазушысы Сидни Шелдонның «Интриганка» романына рецензия
Алдыңғы жазба