Қоңыр күз еді. Осы повесті оқыған кезде мен бір әсерлі күй кештім. Оны тіпті сіздерге қалай сөзбен жеткізерімді білмедім. Өйткені мына повестьі жазған Қасым Ысқақов бүкіл махаббаты мен балалық шақтағы қуанышы мен қайғысын жеткізген. Тек осы повестьі ғана емес басқа да романдарыда махаббатына толы. Тіпті махаббат дегеннің өзі да бір үлкен сезім. Ал осындай сезіммен жазатын ақындар мен жазушылар саны санаулы ғана. Яки айтқым келгені ол осы повестьта өзінің ішінде тұншығып қалған махаббаты мен балалық шағы, достары жайла жазған. Қасым Ысқақов кішкентай кезінен бастап әдебиетті сүйіп оқитын әрі Алмат мұғалімінің арқасында оның әдебиетке деген қызығушылығы арта түсті. Сол себепті ол кісі осындай дәрежеге жетті. Қаншалықты жетім болсада үмітін үзген емес, басқа балалардан артық болмаса кем болмады. Ол осы еңбегінің арқасында жерге қалған емес. Сондықтанда осы кітапты оқығанда осы жағдай көзге түседі. Атасы мен апасының қолында өсіп, жеті жылдық мектепті бітіріп интернатқа барып жаңа дос кездестірді. Демек басқа өмірге аяқ басты. Ол Жарықжұлдыз бен Алтын деген жақын дос тапты олар күнде бірге сабаққа дайындалатын. Ол кісі өзінің шат – пұттап өлең жазады екен сол өлеңдердің ішіндегіден Жарықжұлдыз бен Алтынға оқып бергісі келді сөйтіп :
Интернатский форм,
Екі жүз грамм норм.
Аш та қылмайды, тоқта қылмайды,
Қашып кетсең боқ та қылмайды. – деп аяқтады.
Сонда оған мынау өлең емес қой деп оның өлеңге деген шабытын көңілін су сепкендей басып тастады одан да сен өлең жазбаяқ қойшы деді. Сосын ол кісі қолына қалам ұстамады. Ал қазір осы кез есіне түскенде өте қатты ұяламын депті ағамыз.Ол кісінің мұнда дәрменсіз, жетімдігіне назаланды. Қасым ағайдың алғашқы махаббаты Алтын еді ол Алтынға арнап ең алғаш әңгіме жазды бірақ оған айтуға батылы жетпедісол себепті ол осы сезімін ішіне тықпалай берді. Әрі ол кісі терезе қарап қиалдағанды жақсы көретін көзін жұмса болды Алтынмен бірге қол ұстасып қалықтап жүргенін осы өзінің кітабында анық көрсеткен. Бірақ қасындағы жан досы Жарықжұлдыздыздың да Алтынға деген сезімін білетін. Сосын Қасым ағамыз оқуын бітіріп университетке түсіп кеткен еді сосын Алтынмен дұрыстап та сезімін білдіре алмады. Сөйтіп олар үшеуінің кездеспегеніне туп – тура бір жыл болыпты. Сосын ол сол интернатына келіп, Алтынға кездеседі сосын ол үйіне алып келеді, сол кезде Жарықжұлдызда сонда екен сосын ол екеуі біраз әңгімелеседі. Алтынға сезіміңді білдірдің бе? дегенде жоқ деді. Сөйтіп ол кісі қайтады бірақ Жарықжұлдыз бен Алтынның жағдайы беймәлім еді?! Жарықжұлдыздың да, Қасым ағамыздыңда балалық махаббаты жауапсыз қалғанды…