Ысқақ Қалихан –1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағайауданының Топқайың ауылында туған.Ал енді ол кісінің оқуы жайлы айта кетсек . ҚАзМУ-дің журналистика факультетін, Мәскеудегі Мемкино жанындағы режисерлер менсценаристердің жоғары курсын бітіріп шықты . 1992 жылы «Ақсу – жер жаннаты» романы үшін Мемлекеттік сыйлық берілді. Ол кісі — жазушы , драматург , прозашы , кинодраматург , аудармашы , аға редактор , суреткер . Жеті жылдық мектепті туған ауылында Үлкен Нарын ауданының Жұлдыз ауылында бітірген . Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлығының, Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры, Аякөз, Қатонқарағай аудандарының біртуар құрметті азаматы. Әдеби сын, театр сыны, эссе жанрында, публицистика, саяси — әлеуметтік тақырыпта да Қ.Ысқақов жүзден астам мақала очерктер жарияланған. Қ.Ысқақ қазақ әдебиетін дамытуға зор күш салған үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумның Құрмет Грамотасымен, «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталды. «Апа – Апатай», «Жәке – Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Ерліктің екі сағаты», «Приказ остается в силе», «Двое в степи», «Революция сарбазы», «Кемпір іздеп жүр едік», «Мазар», «Мен әлі көрсетемін», «Опора с подпоркой», «Көктемнің салқын кезі еді», «Құрымбай, Желдібай Жандыбаев, Айранбайдың Мұхышы», «Жер қимақ», «Есеней – Ұлпан», «Қазақтар», «Алатау сынды алыбым». Оның жиырмаға жуық пьесасы республикалық , облыстық драма театрларының репертуарларына енді, Ең алғаш шыққан «Қоңыр күз еді» повесін. Бірқатар шығармалары шет тілдеріне аударылды.Олар : «Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Қара орман», «Березовая роща», «Кедры высокие», «Жарық дүние», «Ақсу — Жер жаннаты», таңдамалы шығармаларының бес томдығы. Жазушының жекелеген повесть, әңгімелер жинақтары, романдары орыс тілінде аударып, «Советский писатель», «Художественная литература» баспаларын басып шықты. Әскери атағы – отставкыдағы аға лейтенант , ал хоббиі – бильярд , көз майын тамызып оқитын әдебиеті – проза , драма , кинодраматургия екен. Ал енді отбасына келсек үйленген жары яки жұбайы — Ысқақова Дәметкен Ақбарқызы (зейнеткер) , қызы – Самал Ысқақова Қалиханқызы (1960 ж. туған); ұлдары – Абылай , Әлихан жәнеде алты немересі . Көркем әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламынан жауһар жазбалары таусылмаған, қара сөздің шебері, бәрімізге белгілі жазушы Қалихан Ысқақ 79 жасында дүниеден озды. Қазақ даласынан кең орын алатын Қалихан ағамыздан айырылу бүкіл қазақ халқынның жанына аяздай батты. Айтады ғой дана қазақ атамзаманда-ақ: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген екен сол сияқты Қ.Ысқақовтың жер қойнауына барсада айтқан өнегелі сөздері ешқашанда өлмейді.
Ысқақ Қалихан өмірбаяны
Алдыңғы жазба