Зейтін Ақышевтің жазушы аудармашы екендігін барлығымыз жақсы білеміз. Бірақ оның қазақ салт-дәстүрін мықты ұстанған, келер ұрпаққа үлгі бола білген даналығы өзіне сай, қарапайым адам болғанын біле бермейміз. Павлодар облысының Баянауыл ауылында дүниеге келген. Өз басым Зейтін Ақышев жайында көп дүние біле бермеймін. Баянауыл ауданының Теңдік ауылында бұрындары тұрған қайын атамнан естігендерімді жазып берейін. Атам Зейтін Ақышевті өз көзімен көрген. Ол кісі менің енеммен рулас. Екеуі де Айдабол руының тумалары. Туыстығы да бар деседі. Айта кету керек, “Жаяу Мұса” романының басты кейіпкері Мұса Байжанов та Айдабол руынан. Мұсаның бейіті қазіргі таңда сол ауданның “Қырықжылдық” деген совхозында орналасқан дегенін естіген болатынмын. Әңгімеден алыстамайын. Атам мен енем енді үйлі боранды болып, шаңырақтарын көтеріп, өздері отау болған кездері Зейтін Ақышевті қонақ қылғандарын айтады. “Ол ауылға жиі келетін. Әйелі мен Шәмәр(енемнің есімі) ұзақ әңгімелесетін. Мен болсам Зейтін Ақышевті күтумен болатынмын. Бір қарағаннан тік мінезді көрінуі мүмкін. Бірақ ізеттілігі, әдептілігі, мәдениеттілігі, сөзге шешендігі кім-кімді болмасын таңқалдыратын. Сөйлегенде сөздің түбін түсіретін. Айтатын әңгімелері де тыңдарманды қызықтырып әкететін. Біздің үйде қонақ болғанда бір романын жазып жатырмын деген болатын. Ұмытпасам, “Жаяу Мұсаны” жазып жатырмын деді” деген атам автордың сол кезде қандай роман жайлы айтқанын есіне түсіре алмады. Бірақ о кісіні жайдары мінезді, біздің жас отбасы болғанымызға қарамай ас-суымызды ешқашан итермейтін. Керісінше, шақырылған жерінен ешқашан қалмайтын. Және ауылға келген сайын, бейітте жерленген Мұса мен Мұстафа Шормановтарға Құран бағыштап бірақ кететін деп есіне алды.
“Жаяу Мұса” романының авторы Зейтін Ақышевтың өмірбаяны
Алдыңғы жазба