Өзін сыйламайтын адам – бақытсыз,
алайда өзіне толықтай көңілі толатын
адам – нағыз ақымақтың өзі
Ги Де Мопассан
Ги Де Мопассан (1850-1893) – француз жазушысы. Ол кедейленген дворян отбасында 1850 жылы 5 тамызда дүниеге келеді. Әкесі Гюстав Мопассан мен шешесі Лора Ле Пуатвен тату-тәтті өмір сүрмеген адамдар екен, іс жүзінде ажырасып кетеді. Шешесі ақылды, оқыған, әдебиетке өте жақын адам болады. Оның бауыры Альфред әйгілі Флобердің досы болған. Мопассан алғашында өлең жазады. Ол өзінің 1880 жылы жарық көрген алғашқы кітабын – өлеңдер жинағын Флоберге арнайды. Әйелдің өмірін әйелден артық суретте білген Ги Де Мопассан – бар- жоғы қырық үш жыл ғана өмір сүрген жазушы. Ол – тек әйелдерді ғана, әйелге қатысты мәселелерді ғана жазбаған, әйелдер арқылы елдің, халықтың, мемлекеттің мұң-мұқтажы мен нақты жай-күйін дер кезінде айта білген адам. Мопассан әдебиетте новеллашы ретінде танылды. Ол өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін бейнелеп, биліктің боямасыз көрінісін, саясаттың жалғандығын, демократия мен милитаризмді, отаршылдық өктемдікті шебер суреттеді. «Тельеннің үй-жайы», «Мадемуазель Фифи», «Вальдшнеп әңгімелері», «Апалы-сіңлілі Рондоли», «Мисс Гарриет», «Иветта», «Орля» сынды ғажайып новеллалары бар. Мопассанның алты романы, көптеген әңгіме-новеллалар және мақалалар жинағы жарық көрді. «Өмір» романы арқылы «психологиялық прозаның шебері» атанып, кейін «Сүйіктім», «Монт-Ориоль», «Пьер және Жан», «Өлімдей күшті», «Біздің жүрек» романдарын жазды. Жазушы қоғамдағы рухани құлдырау мен екіжүзділікті («Асыл бұйымдар», «Марапатталған»), сезім суреттерін («Ай нұры»,«Бақыт»), махаббат машақаттарын, ар-иманның сауда-саттыққа айналуын («Иветта», «Шыншыл тарих»), өмір тұңғиығына тасталған адамдардың аянышты тағдырын («Қаңғыбас», «Шкаф», «Қайыршы») шығармаларына арқау етті. Адамгершілікті («Симона әкей», «Мартенның қызы»), отаншылдық пен ерлікті, қайсарлықты («Пышка», «Мадемуазель Фифи», «Милон атай») дәріптеді. Мопассанның «Пышка», «Бес әңгіме», «Әңгімелер», «Пьер мен Жан», «Өмір» атты көптеген шығармалары қазақ тіліне аударылған. Бұған дейін жазылып жүрген мәліметтерге Ги Де Мопассан 1893 жылы мидың жансыздануынан қайтыс болған делінеді. Алайда Мопассанның адал көмекшісі Мари-Пол- Дебар есімді сұр киімді бойжеткеннің ақынның өліміне себепші болғанын айтады.
1 пікір
Әйелдің өмірін әйелден артық суреттей білген. Шебер жазушы.