Көрнекті қазақ жазушысы Ілияс Есенберлин көптеген әдеби шығармалардың авторы . Олардың қатарына елге және әлемге әйгілі тарихи «Көшпенділер» роман – трилогиясы соңғы онжылдықтар ішінде Қазақстан оқырмандары арасында ең көп тараған кітаптардың бірі. І.Есенберлин шығармаларының рухани кең және философиялық терең болуына автордың табиғи ерекше дарыны , оның ауыр өмір жолы , қиын да сонымен қатар тамаша шығармашылық тағдыры кепіл. Оқырмандарға ұсынылып отырған «Ғашықтар» романы автордың шығармаларының арасында ерекше орны бар. Бұл кітап терең қайғы қасіретті басынан кешіруі арқасында адам жанының өсіп дамуының құпиялары көрсетіледі. Бұл шығарманың «Ғашықтар» деген атауы өте орынды. Себебеі адамдар өз қателіктерін көре отырып, сол кемшіліктерді түзетеді. Романда басты кейіпкер Жантастың сонау студенттік шағынан бастап , өмірдің әр қилы соқпақтарынан өтіп бір орында тоқтап қалмай қиындықтарға мойымай батылдық, сенімділік, адалдық, өмірге деген құштарлығын байқадым. Шығарманың басты ерекшелігі адам бойындағы мейірімділік, адалдық, өз ісіне беріктікпен сипат алады. Шығармада автор басты кейіпкердің мүсінші екенін және де өзге де кейіпкерлердің түр тұлғасын ерекше сипаттап, олардың сымбаттылығын , сезімталдылығын нақышына келтіре бейнесін айшықтады. Өмірде ғашықтық сынынан қиын сын бар ма? Шығармадағы Жантас пен Аяужан сол сыннан сүрінбей өте алды.
3 комментария
Менің ойымша Жантас көрсеқызар жан секілді. Өзін-өзі сұлу мүсіні керемет қыздардың алдында ұстай алмай қалады. Жәнеде Аяужанды шынайы сүйемінбе? Оған деген сезімім распа? Әлде из за жалости оған үйлендімбе деген сұрақтарды өзіне көп қояды. Адам шын сүйіп қосылса олай ойламауы қажет деп ойлаймын
Менің ойымша Жантас сол кездің бір бабнигі болған сияқты. Әдемі мүсінді қыздарды көрсе аузы байланып қалады, бірақ мен оның Аяужанға деген махаббатын оқып таң қалдым.
Аяужан өте батыл, шыншыл, ақылды қыз бірақ сол бір кинотеатр және де Шерубай мен әңгімелер арасында Аяужанды қатты аяп кеттім себебі қыз баласы үшін сүйген жігітінің бұрынғы қызы туралы естеліктерін ылғи естіп көрген ауыр тиеді
10/8
Көркемделіп жазылған, құнды шығарма бірінші бетінен-ақ елітіп әкетті. Автор оқырмандарды «ғашықтық» сөзінің парқын түсінуге жетелейді. Өмірмен байланысқа түскен ғұламалардың ойлары жүрек үнімен үйлесім тапқандай. Мүсінші Жантастың кейіпкерлер баяндамалары еріксіз көз алдымызға елестейді. Һәм «аузы күйген үрлеп ішер» дегендей, кейіпкерлердің жастық жалынымен шала басқан адымдарынан сабақ ала отырып, адамгершіліктің биігіне көтерілуі аса ұқыптылықпен суреттелген.