Романның негізгі тақырыбы соғыс жылдарындағы ауыл өмірі. Автор бұл романда типтік оқиғалар мен, әлеуметтік образдарды жинақтап реалистік тұрғыдан суреттеп баяндайды. Ел басына қаралы күн туып, ер азаматтар түгелдей майданға аттанған азалы да ауыр шақтағы тыл жұмысшыларының патриоттық психологиясы жан-жақты ашылады. Біз әдетте патриотизмді, қарша бораған снаряттар оғының астынан ,адам қаны судай төгілген қан майданннан іздейміз. Бірақта тыл жұмысшыларының ерен еңбектерін ұмытуға болмайды. Романның қысқаша мазмұны ауылдан 17 жігіт әскерге шақырылып, арттарында қимай ауыл-аймақ, жас боздақтардың ата-аналары, жарлары қалады. Оның ішінде жалғыз ұлдың анасы Күлжамилә да бар.Көп уақыт өтпей соғыстың басталғандығы туралы жаман хабар елге жайылады. Күлжәмилә жалғыз ұлы Дәнекер үшін қатты қайғырады, соғыстан аман қайтуын Алладан жатса тұрса тілейді. Ұлына атаған жалғыз лағын жан баласына тигізбей көзінің қарашығындай асырап бағады. Бірақ арада қанша уақыт өтсе де, ұлынан хабар келмей, ананың көңілін құлазытады. Тіпті соғыс аяқталып, ел еңсесін тіктеп, Дәнекердің майдандос достары елге аман оралған кезде де, ұлынан не өлі, не тірі деген хабар болмайды. Үміт оты сөне бастайды. Ұлына атаған лағын сойып, елге тамақ береді. Қайғыдан қан жұтқан ана жынданып, сол түні жан тапсырады. Мен романды оқып шыққанда жазушының өмірге, адамдарға, сол уақытқа өз көзқарасы, өз байлауы мен пайымдауы бар екендігіне мойынсындым. Оның ең басты дәлелі – романдағы басты және қосалқы кейіпкерлердің сыр-сипаттары мен жан сезімдерінің, әрекеттерінің, тағдырларының, мінездерінің өзгеше өрнектелуі дер едім. Қысқасы жаңаша болмыс-бітімі бар образ-характерлерге тап боласыз. Олар тек көркем характерлер ғана емес, өмірде өз орындары бар, шынайы құрылған бейнелер жиынтығы.
Кәкімжан Қазыбаевтың «Ызғар» романына рецензия
Алдыңғы жазба