Ұзақ күйзелістен кейін қайтадан шынайы өмірге оралу кез келген адамға оңай соқпасы анық. Дегенмен барлығымызға ортақ парыз “Адам боп келдім өмірге, адам боп кету арманым”. Яғни, елімізге, отбасымызға, ортамызға пайдасы тиер азамат/азаматша болып, өлмес өмір сүру. Өмірде күйбең тіршіліктің кесірінен бе, пендешіліктің кесірінен бе өзіміздің сүйікті ісімізбен айналысудың орнына, байлықты көздеп, пайдасы молырақ түсетін мамандықтарға қызығып, жан-дүниемізге жат істің құрбаны болып жүргеніміз бар. Бірақ көбіміз кез келген жұмысты сүйіспеншілікпен және адал ниетпен атқарар болсақ, жемісті боларын ұға бермейміз. 7 миллиард адам бір-бірінен білім, өнер және адамгершілік тұрғысынан ғана ерекшеленеді. Сіз аула сыпырушы болыңыз, еден жуушы болыңыз, тіпті директор болыңыз, бәрібір барлық адамның әлемде алар орны бір. Адамның таңдаған мамандығы қалған өмірінің мәніне бірден-бір себепші. Өміріңіз үлгі болсын десеңіз, өз ісіңізді сүйіспеншілікпен атқарыңыз. Сондықтан да кез келген арнайы мамандықты таңдаған адам өз жұмысын ынтамен атқаруға міндетті. Егер таңдауыңыздың қате болғанын түсінсеңіз, дереу басқа бағыт таңдаңыз. Ойланып қарасаңыз, өмірде болып жатқан әр нәрсенің өз мәні бар, ешнәрсе бекер емес. Сол себепті соларды байқауға тырысып және дұрыс пайдалана білу керек. Қарапайымдылық. Адам бойындағы асыл қасиеттердің шыңы. Шынында бойынан қарапайымдылығы көрініп тұратын адам ерекшеленіп, нұрданып тұрады. Сондықтан бәріміздің де нұрлануға мүмкіндігіміз бар. Уақыт. Адамның белгілі бір жетістікке жетуінің кепілі. Әр таңда 1 сағатты өзіміздің рухани дамуымызға арнау – Робин Шарманың нәтиже берген кеңестерінің бірі. Өмір – шешілмес жұмбақ. Бірақ кітап сол жұмбақты шешудің жолын көрсетеді.