Мен бұл шығарманы мектеп кезінде ескі басылымның мұқабасынан оқыған едім. Кейін оны таппай қалдым. Сонымен арада 5 жыл өткен кезде оны кітаптар дүкенінен сатып алған кезде қуанышымда шек болған жоқ. Бейне бір балалық шағым қайта айналып келгендей болды. Бұл шығарма балаларға арналған, тартымды тілмен жазылған, оқиғасы шиеленіскен, бір деммен оқып шығуға тұрарлық кітап. Басты кейіпкер Дымбілместің таңсық заттарға қызығушылық таныту қасиетімен қатар, оның аңғалдық, кіршіксіз пәк жан дүниесі, достарына адалдығы әдемі жеткізілген. Досымен бірге ракетаны тексеріп шығамын деп туған қаласынан, достарынан алшақ кетеді. Айға барып қонады. Айда ол басқа қалаға тап болып, басынан түрлі хикаяларды өткізеді. Қандай қиындық кездессе де, достарына деген адалдығын, уған жеріне деген махаббатын сақтап қалады. Ай тұрғындары мен Жер тұрғындарының аз уақытқа болса да достасуына себепші болады. Үнемі достарына «кедергі келтіріп, ұрыс естіп» жүргенімен, оларға жаңа оқиғаларды ашуға көмектесіп жүреді. Шығарманы оқи отырып, әр адамның жүрегінде жылылық пайда болып, өз балалық шағын еске түсіруге сеп болады. Сонымен қатар, қызықты оқиғаларға тап бола отырып оқырманды өзіне жаны ашуға мәжбүр етеді. Дымбілместің орнында өзің жүргендей толқисың. Ай қаласында иттерден қашқан кезде өзің Дымбілместің орнында өзің қашқандай жүрегің аузыңа тығылады. Бұл шығарманың балаларға берер жақсы әсері мол. Осы шағарманы оқи отырып, балалардың туған жеріне деген сүйіспеншілігі, еңбек етуге құлшынысы және сонымен қатар басқа адамдарға да көмектесу, жәрдемдесу сезімі оянады. Балаларды еріншек, өзімшіл болмауға үйретеді. Балаларға да, ересектерге де осындай керемет шығарма сыйлаған Н.Носовқа өткен буынның да, қазіргі буынның да еш өкпесі жоқ . Болашақ буын да авторға үлкен рахмет айтады деп ойлаймын
Николай Носовтың «Дымбілместің Айға саяхаты» шығармасына рецензия
Алдыңғы жазба
3 комментария
мен окыгам осы китапты
Осы шығармалардың қазақша нұсқасын қайдан алуға болады? Бала кезімде оқыған едім.
Калай окысак болады