Носов Николаевич Николай 1908 жылы 23 қарашада Киев қаласында дүниеге келген. Оның ата – анасы әуесқой әртістер болған. Николай отбасында ағасы Петр және кіші інісі мен қарындасы болған. Оның балалық шағы Киевке жақын жердегі Ирпень қаласында өтеді. Сол қалада ол гимназия мектепте оқиды. Кішкентай Николай әкесінің концерттері мен спектакльдерін көруді ұнатқан. Осы әрекетіне қарап ата –анасы оның да әртіс болатынына күмән келтірмеген екен. Мектеп кезінде ол музыкант болуды армандап, скрипкасы болуын қатты қалаған . Ата –анасы оған скрипка сатып әпергеннен кейін, Николай музыкант болудың оңай емес екенін түсініп, скрипканы тастап кетеді. Николай Носовтың балалық шағы Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Азаматтық соғыс кезінде өтеді. Азық – түлік пен қыс мезгіліндегі жылу мен жарықтың жетіспеушілігі сол кездегі үйреншікті нәрселер еді. Николайдың барлық отбасы мүшелері сол кезде ауруға ұшырайды. Бақыттарына қарай, барлығы да аман қалады. Николайдың сауыққанына қуанған анасы жылап жібергенін кейін Николай өз сөзінде «Адам тек қайғыдан ғана жыламайтынын түсіндім» дейді. Азаматтық соғыстан кейін Николай химияға қызығады. Мектептегі достарымен өз үйінің шатырында «химиялық лаборатория» ұйымдастырады. Носов еске түсіреді: «Мектеп бітіргеннен кейін химик болам деп шештім. Химия мен үшін жұмбақ, қыры мен сыры мол ғылым болды». Мектептен кейін Носов Киев политехникалық институтының химия факультетіне түскісі келеді. Бірақ, ол мектепті толық аяқтамағаннан кейін, қалаған оқуына түсе алмайды. Осы сәтсіздіктен кейін, ол оқуға түсу үшін, кешкі мектепте оқи бастайды. Оқу оқи жүріп, ол Ирпень кірпіш зауытында жұмыс жасайды. Бірақ оқуға түсер алдында ол, бастапқы мақсатынан айнып Киев көркемөнер институтына оқуға түседі. Осыдан кейін ол фотография және кинематографияға қызығушылық білдіреді. 2 жылдан кейін 1929 жылы Николай Носов Мәскеу кинематография институтына ауысады. 1932 жылы оқуын аяқтап, 1951 жылға дейін мультипликациялық, ғылыми фильмдердің режиссері болып қызмет атқарады. 1932 жылдан бастап балаларға арнап әңгімелер жаза бастайды. Оның тырнақалды әңгімесі 1938 жылы жарық көреді. Кейін оның басқа да «Жанды қалпақ», «Қиярлар», «Таңғажайып шалбарлар», «Мишаның ботқасы» «Бақша күтушілер», «Қиялшыл» әңгімелері балаларға арналған «Мурзилка» журналында жарық көреді. Осы әңгімелері оның тұңғыш «Тук – тук – тук»жинағында жарияланады. Оның келесі жинағы «Баспалдақтар» тақырыбымен «Детгиз» баспасынан басылып шығады. Оның балалар арналған әдебиетке келуі кездесоқ болған екен. Николаевич алғашында әңгімелерді өзінің ұлына және достарына айтып береді. «Ақырындап түсінгенім: балаларға арналан шығармалар жазу – керемет жұмыс, ол әдеби ғана емес, одан да көбірек білімді қажет етеді» Николай Николаевич балалар психологиясына да қатты көңіл бөледі, «Балаларға өте үлкен және өте жылы құрметпен қарау керек» деп санаған. Сондықтан да болар, оның кітаптары балалардың өте үлкен аудиториясын жинай алды. 1947 жылы «Көңілді әңгімелер» тақырыбымен жинағы шығады. Оның «Көңілді жанұя», «Коля Синицынның күнделігі», «Витя Малеев мектепте және үйде» әңгімемелері танымалдылыққа ие болады. 1952 жылы Николай Носов «Витя Малеев мектепте және үйде» шығармасы үшін Сталиндік премия алады. 1954 жылы осы шығарма бойынша «Екі дос» атты балаларға арналған көркем фильм түсіріледі. 1953 жылы «Айналмада» (На горке), 1956 жылы «Жасырынбақ», 1958 жылы «Көңілді әңгімелер мен повесттер» атты жинақтары жарыққа шығады. Қысқа да нұсқа, тиянақты шығармалары балаларда сыншылдық, еңбекке құштарлық секілді қасиеттерге оятуға көп көмегін тигізді. Ол көп оқырмандарды Дымбілмес кейіпкері арқылы жинай алды. Ол туралы алғашқы әңгіме «Бұранда мен Тетікше және шаңсорғыш» деп аталды. Кейін осы кейіпкер жайында «Дымбілмес және оның достарының оқиғасы», «Дымбілмес Күн қаласында», «Дымбілместің айға саяхаты» атты танымал трилогия жарыққа шығады. Дымбілместі экранға алып шыққан алғашқы құрастырушы А.М.Лаптев болады. Кейіннен бұл тізім Г.О.ВАльк, И.Семенов, Д.Бисти, Е.Афанасьев, А.Каневский, В.Горяев болып жалғасып кетеді. Николай Носов 1976 жылы 26 шілдеде Москва қаласында дүниеден өтеді. Ол Москва қаласындағы Кунцев атындағы зиратқа қойылады. 1997-1999 жылдары FAF Entertainment студиясы «Дымбілместің айға саяхаты» атты мультфильм түсіреді.
1 пікір
Initially, I just put her on I added inaudible 00 09 52, bone broth, vital proteins, collagen peptides, Dr viagra connect reviews None of the treatments induced any changes of IL 1ОІ, IL 1RT1, IL 18BP, IL 33, IL 6, IL 6RA, MMP 1, MMP 2 and MMP 3