Кәкімжан Қазыбаев – қазақ әдебиеті тарихында ойып тұрып орын алатын, алаш баласы, жазушы, журналист,мемлекет қайраткері. Ол 1929 жылы 10 мамырда Талдықорған облысы, Сарқанд ауданында дүниеге келген. Жастайынан өлең жырға құмартып өскен жас өрен, болашағының жарқын болатындығын сол кезден таныта білді. Мектеп жасынан ерекше көзге түсіп, жақсы нәтижемен аяқтады. Еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдарында колхозда есепші болудан бастап, елі үшін аянбай еңбек етті. 1952 жылы ҚазМУ- дің журналистика факультетін үздік аяқтап, «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы жұмыстарын атқарды. Еңбекқорлығы мен білімділігі арқасында сатылай жоғарылап КазТАГ-тың директоры, «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы болып қызмет еткен. Қазақстан Компартиясының хатшысы болып сайланып, ҚКПОК Бюро мүшесі жұмыстарын атқарды. Ол кісі жұмысқа өте тиянақты, жауапты қарайтын, әрдайым соны, тың идеялары нақтылы істермен қатар келіп отыратын болған.Қаламгер қаламынан туган «Ызғар», «Сұрапыл», «Құпия», «Ақиқатқа ар серік», «Аманат», «Қышыма» т.б роман, повестері оқырмандарын ерекшелігімен, тілінің көркемділігімен қызықтыра білді. К.Қазыбаевтың қай шығармасын алып қарасақ та ерекше толғаныспен, образдарының шынайы жазылғандығымен ерекшеленеді . Бұл әрине жазушының ізденімпаздығынан хабар берері сөзсіз. Жазушы 1989 жылы 21 қазан күні өмірден озды. Қазақта « Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген мақал бар емес пе? Артына қаншама өшпес мұра қалдырған алаш ұлдарының бірі де бірігейі К.Қазыбаев туындылары өз оқырманын еш жалықтырмайды.
Кәкімжан Қазыбаевтың өмірбаяны
Алдыңғы жазба