Алексанр Алфредович Бек орыс жазушы. 3.1.1903 жылы Саратов қаласында
туылған. Азамат соғысына және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бектің
таңдаұлы шығармасы — «Волоколамск тас жолы» (1944) Ұлы Отан
соғысының ең ауыр кезеңін, 1941 ж. Мәскеуді қорғаушылардың қаһармандык
ерлігін шынайы баяндайды. Шығарманың басты кейіпкері — қазақ халқының
даңқты ұлы, сол кездегі батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан
Момышұлы. Оның ұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті шығармада
терең ашылып, көркем шешімін тапқан. Шығарма қазақ тіліне «Арпалыс»
деген атпен басылып шықты (1948, 1959, 1977; аудармашы Қ.Сағындықов
Шығармада Елімізді текті қазақ тілінде нық сөйлейтін алған бетінен
қайтпайтын қайсар қылып көрсете білген Бауыржан Момышұлы жайлы сөз
болады.Жазушы өзін мұнда тек майданға барған жазушы сарбаз ретінде
көрсетеді.Баукеңнің майданда өткен өмірінен бөлек жас кезі де сөз болып
басталады.