Робин Шарма — көшбасшылық және жеке тұлғаның дамуы жөнінде кітаптары кеңінен таралған, сұранысқа ие әлемдік деңгейдегі авторлардың бірі. 1965 жылы 18 наурызда Жаңа Шотландияның Порт Хоксбери (Канада) деген жерінде дүниеге келген. Робин Шарма жоғарғы оқу орнын адвокат мамандығына тәмамдап, осы жолда біраз жыл қызмет жасайды. Екі қыздың әкесі, Робин, өз отбасын материалдық тұрғыда еркін қамтамасыз етіп отырғанымен, “құқық докторы” дәрежесіне ие болғанымен, кейін рухани дүниесінің бос қалғанын сезіп, канадалық жазушы бір сәтте ойын түбегейлі өзгертеді. Қызмет жолын басқа бағытқа бұрады. Яғни, батыстың технологиялары мен шығыстың даналығын пайдалана отырып, жеке тұлғаның жұмысқа қабілеттілігін арттыруға, адам бойындағы бағасыз байлықтарды (денсаулық, адамгершілік) сақтап қалуға, жалпы адамның өмірге деген көзқарасын биік деңгейге шығаруға көмек беруге шешім қабылдайды. Осы шешімінен кейін, әлемде көшбасшылықтың жаңа бағыттаушысы пайда болды. Робин әрі жазушы, әрі спортшы. Ол физикалық жаттығуларға қатты мән береді. Бірнеше жылдан бері шаңғы тебу, триатлон және таэквондо секілді спорт түрлерімен айналысады. Робин Шарма “Sharma Leadership International Inc. (SLI)” (“Робин Шарманың халықаралық көшбасшылық бірлестігі”) компаниясының басшысы. Компанияның негізгі мақсаты – әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарға атақсыз және лауазымсыз көшбасшы болуды үйрету. Қазіргі уақытта компания ұжымы Робин Шарманың қатысуымен дүние жүзі бойынша көшбасшылық тақырыбына семинарлар мен дәріс оқу шараларын ұйымдастырып жүр. Жылдан-жылға қатысушылар мен қызығушылардың саны өсуде. Оның дәрістеріне қызығушылардың бірі “CBC” және “CBS” секілді радио және телекөрсетілімдер. Оның сөз сөйлеулері түгел БАҚ арқылы тарап жатыр. Оның құрамында “USA Today”, “National Post”, “The globe and mail” сынды атақты баспалар да бар. Робин Шарма бұл істеріне қоса, қайырымдылықпен де айналысады. Халықаралық деңгейде жұмыс жасайтын Робин Шарманың балаларға арналған қайырымдылық қоры бар. Бұл қордың негізгі мақсаты – жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға өмірде өз орнын тауып, биік деңгейге жетуге көмектесу. Робин Шарманы әлемге танытқан кітабы “Феррариін сатқан тақуа” (“Монах, который продал свой феррари”). Кітапта Джулиана есімді адвокаттың рухани құлдырудан кейін, үйлесімді де таза өмір сүруге талпынуы баяндалады. Кейіпкердің өзі үшін ашқан жаңалығы әрі әлемнің көпке беймәлім сыры туралы әңгімелер сұхбат ретінде беріледі. Бұл кітап 18 елдің 5 миллионнан аса оқырманы үшін үлкен жаңалық болды. HarperCollins Canada баспасы SMG Pictures компаниясынан кітап желісімен кино түсіруге ұсыныс та алған.
Робин Шарма өмірбаяны
Алдыңғы жазба