Софы Сматаевтың көптеген шығармалары бар. Дегенмен де, мен өзім осы кеше ғана оқып болған «Мәңгілік бастауы» романы туралы жазайын деп шештім (Оқыған шығармаларым мен ақын-жазушылардың барлығын ойлана келе, ең жақсысын таңдамай, соңғы оқыған шығармам мен жазушым туралы жазайын деген тоқтамға келдім). Жазушының бірнеше романдарына кеңестік дәуірдің шындығы арқау болған. «Мәңгілік бастауы» романы кеңестік кезеңді сипаттайды. Романның көтеріп отырған тақырыбы өмірде өзектілігін жоя қоймасы анық. Себебі, шығармада адалдық, әділдік, сыйластық, мақсатқа талпынушылық көрініс тапқан. “Мәңгілік бастауы” романы шаруашылық басшылары, олардың кісілігі мен іскерлігі туралы ой қозғайды. Екі совхоздың екі директоры Сембай мен Сәрсен бір жерде оқып, бірдей жоғары білім алып шыққанына қарамастан, екеуінің шаруашылықты басқару стилі екі басқа, ойлау, әрекет ету бағыттары да әр түрлі екендігін айшықтайды. Бірі мақсатына жету жолында адалдықты ту етсе, екіншісі атақ- абыройды аңсап адамдық пердесін түріп тастайды. Шығарманы қолыма алғанда, «не себепті тақырып «Мәңгілік бастауы» деп алынған?» деген сұрақ ойыма оралды. Сұрақтың жауабын табу үшін кітапты қызығушылықпен оқып шықтым. Шынында да, тақырыпқа сай келетін шығарма екен. «Не нәрсенің де қыбырлап қозғалуы үшін, жыбырлап жылжуы үшін, жарқ етіп тұтануы үшін, шарықтап ұшуы үшін өзіндік бастауы болуы шарт» бұл шығарманың түйінді тұсы. Мәңгілік заңына талпынған кейіпкер Сәрсен: «мәңгілік заңы өмір сүруі үшін мәңгілік бастауы қажет» деген тұжырымға келеді. Ия, шығарманы оқу барысында үлкен мақсат қою және мақсатқа жету үшін жан аяма й күш салу керек деген ойға қалдым. Себебі, шығарма кейіпкерлері өз мақсаттарына жету жолында бәрін де жасайды.
Софы Сматаевтың «Мәңгілік бастауы» романына рецензия
Алдыңғы жазба