Бальзактың орыс тіліне аударылған шығармаларын студенттік жылдары түгел дерлік оқып шыққан едім. Әрине, Бальзакты оқу бар да , оны түсіну бар. Мен француз емеспін, сондықтан қабылдау маған оңай шаруа болған жоқ. Бір сәті түсіп бертін келе , оның «Шагреневая кожа» деген романың қайта оқып шықтым. Екінші мәрте оқығанда ерекше бір сезімге бөлендім »- деп Ғарифолла Есім мырза айтып , ой толғап кеткен болатын. Осыдан-ақ Бальзактың Шығармалары құдіретті күшке ие екенің біле аламыз. Бальзак әдебиетке аяқ басқан алғашқы жылдары қаржы тапшылығынан өте жұпыны күй кешiптi. Әр апта сайын өзiнiң баспагерiне келiп, болашақта шығатын кiтаптарының есебiнен қаламақы сұрап мазасын ала беретiн болса керек.
Бальзактың басынан өткен қызықты оқиғалар:
Бiрде Бальзак кезектi рет баспагердiң қызмет бөлмесiне кiруге ыңғайланғанда оның жолын бөгеген хатшы:
– Бальзак мырза, кешiрiм сұраймын, бүгiн баспагер кiсi қабылдамайды, – деп ыңғай бiлдiрiптi. Оны тыңдайтын жазушы қайда!
– Ештеңе етпейдi, мәселе тiптi онда емес, бар мәселе беруде ғой! – дептi.
* * *
Бiрде түн жамылып Бальзактың үйiне ұры түсiптi. Үйде адам баласының жоқ екенiне көзi жеткен ұры жәшiктi ашып, әлденелер iздептi. Бiр кезде күтпеген жерден бөлменi қатты күлген күлкiнiң даусы кернеп кетiптi. Әп-сәтте не болғанын бiлмей аңтарылып қалған ұры үй иесiн көрiп:
– Сiз неге күлесiз? – дептi.
Сонда Бальзак:
– Мен күндiз iздеп таба алмай жүрген затты сенiң түнде iздеп жатқаныңа күлiп жатырмын, – деп жауап берiптi.
* * *
Бальзакқа париждiк қолөнершi келiп, жасаған жұмысы үшiн ақысын төлеудi сұрапты. Ал Бальзактың қалтасында бiр сантим де болмапты. Жазушының бұл қылығына ашуланған шебер:
– Мен әркез келген сайын Сiз үйiңiзде болмайсыз, ал үйiңiзде болғаныңызда Сiзде ақша болмайды, – дептi.
– Бұл ендi түсiнiктi жағдай. Менiң қалтамда ақша болғанда, бүгiн де үйде болмаған болар едiм, – дептi сонда Бальзак.
Менің Оноре де Бальзак жазушының шығармашылығын тандаған себебім бұл жазушының ерекше шығармашылық жолы маған үлкен септігін тигізді. Жоғарыда айтылып кеткен Бальзактың оқиғалары , сөз тапқыштығы барлығы дерлік қызыққа толы , әрі өмір жолын одан сайын оқуға құлшынасын . Тек осымен ғана тоқталмай оның жеке өмірі , балалық шағы да қызықтырады. Тек ол жазбалар тек француз тілінде жазылған , қазақ тіліне аударылмаған , сондақтан қолда бар материалдарды жиып содан сусындап , мейлінше оқуға талпынып жатырмын. Тек шығармалары ғана емес өмірі жайлы нақты қазақ тілінде деректер аз, қазіргі күнге дейін француз азаматы екенің білемін тек нақты қай жерде туылып, қай өңірде өмір сүргені жайлы ақпарат жоқ. Мен бұл кісінің Жұмағали Ысмағұлов аударған «Жергілікті дәрігер» атты романың оқыған болатынмын. Негізгі ойы «Жаралы жүректерге — тылсым мен тыныштық». Бұл шығармасы Бальзактың туындыларынан алғаш оқыған шығармам болғандықтан болар ерекше күйге бөлеген болатын. Шетел әдебиетіне оңша қызықпаушы едим , бірақ бұл шығармадан кейін тағы да шетелдің сарынын тағы байқап , тағы бір серігіп қалайын деген ой түсті. Бұл шығармасы менің мамандық тандауыма да ерекше септігін тигізді. Дәрігердің құлшынысы , зары, мұңы айқын өрнектермен, айшықты тәсілменен өзгеше сипатталған. Оқиғаның бір сарынмен келе жатып , тосыннан 180 градусқа өзгеріп шыға келуі, әрине де керемет. Шығармасының өзегі нақты , шетелше махаммен жазылған ,қайталанбас туынды. Әрине мен бұл шығарманын құдіреттілігін нақты ашып көрсете алмаған болармын , өйткені адам өз бойынан өткізіп , өзі оқып шықпайынша оқиғаны сезіне алмайды. Сондықтан тамаша шығарманы сіздер де оқып бойларынызды мен сезінген сезіммен толтырыныздар.
Бальзак 60 том еңбек жазған талант иесi. Соңына өлместей мол мұра қалдырған атақты жазушы өзi туралы бiр жазбасында: «Менiң әдебиетте көп орын алуыма деген талпынысым, онда дарынсыз нақұрыстарға аз орын қалдыру ниетiмнен туындап жатты»,-дептi.