Бұл роман үйге тапсырма ретінде берілген болатын. Көлемді кітапты
бастауға ниетім болмай тұрған, шыны керек. Дегенмен кітапты ашып,оқи
бастағаным сол, ерекше әлемге еніп кеткендей сезіндім өзімді. Бастамасының
өзі оқырманын баурап әкетеді.Көз алдымнан соғыс кезіндегі ауыл өмірі кино
пленкасы секілді өте бастады.Кезекте тұрған шаруаларымды ысырып қойып,
кітапты біткенше асықтым. Қалай аяқталар екен, Дәнекер соғыстан қайтар ма
екен, анасының жайы не болар екен деген сан –сауал тұрды алдымда.
Жұдырықтай жүрегімді тебіренткені сонша, мөлтілдеген жас тамшылары
бетімді жуды. Ананың аянышты өмірі, баласын күтіп зар илегені, ауыл
адамдарының, соның ішінде әйелдердің қара жұмысқа жегіліп, тайсалмай
қызмет еткендері нағыз ерлік дер едім.
Біз соғысты көрмегенбіз, Алла көрсетпей-ақ қойсын! Ата-бабаларымыздың
тарихын,«сары бала, қара қазан» қамы үшін тер төгіп, аянбай қызмет еткендігін
білу, көңілге түю — жүрегі «қазақ» деп соққан әрбір азаматтың қасиетті
борышы.Ал оны білу тарихи романдарды оқудың баспалдағы. Демек сіздерге
«Ызғарды» оқуға кеңес берем. Тарихты білуге міндеттісіз!Оқыңыз! Өкінбейсіз!