Жүсіпбек бабамыздан қалған көп мұралардың ішіндегі шоқтығы биік екі романы бар, олар: «Ақбілек», «Қартқожа» міне, бүгін менің айтқалы отырған шығармам ол, «Қартқожа» Азамат соғысы кезіндегі ауыл кедейлерінің қиын тұрмысы мен бай шонжарлар, болыс билердің озбырлығы, патша үкіметінің езгісі суреттелген ғажап туынды. Жасық Қартқожаның жігерлі, ұстаз Қартқожаға айналуына себеп болған да осы қатігездіктер. Жас жүрекке жігер, рух беретін, Отанға, елге деген махаббатты оятатын, адам жанына тереңдей енгізетін, соғыс жылдарындағы тұтас бір жылнама.
Адам жанын кестелеген бұл, роман,
Іші толы қайғы, нала, шырғалаң.
Алаш үшін білім қуған жер кезіп,
Уа, Қартқожа мен өзіңнен үлгі алам.