Оқырман көңілін бірден өзіне жаулап алатын «Жабайы алма» кітабын, ең алғаш
оқығанымда, өзімнің көптен іздеген досымды тапқандай болғанмын. Осы конкурс арқасында тағы
қайта оқып шығып,өзімнің «ескі досыммен» қауышқандай күй кештім. Жалпы кітап оқитын жас
болғасын , кейде достарымның арасынан кітап сұрайтындары бар. Сондайда кітапқа құмарларын
ашу мақсатында оларға “тілге жеңіл,мазмұны тартымды” кітап беруім керек болады. Сонда менің
оларға еш ойланбастан беретін кітабымның бірі «Махаббат қызық мол жылдар» болса, бірі осы
«Жабайы алма» кітабы. Асыра мақтады демеңіздер, кейін оларға тағы да басқа кітаптар
бергенімде (кейін берген кітаптарым онша қызықтырмаса керек) –Жоқ маған «Жабайы алма»
сияқты қызықты кітаптар берші деп , көбінің мені састырғандары бар. Осы кітапты оқығандар болса
менің бұл айтқандарыммен талассыз келісетініне сенімдімін,ал әлі оқымағандарға оқуларыңызға
кеңес беремін.