Сидни Шелдон (ағыл.Sidney Sheldon, толық есімі Сидни Шехтель 1917ж 11 ақпан — 2007ж 30 қаңтар) — АҚШ жазушысы және сценарисі. 1937-2007 жылдар аралығында үздіксіз шығармашылықпен айналысқан. Криминалдық драмалар, детективтер, махаббат туралы романдар жазған. 1947 жылы «Оскар» жүлдесін алған. Сидни Шелдон 1917 жылы 11 ақпанда чикаго, иллинойс штатында еврей жанұясында дүниеге келген. Әкеcі зергерлiк дүкенде жұмыс iстеген. Оның анасы Натали Маркустың ата-анасы Одесса маңындағы шағын ауылдан Америкаға қоныс аударады.10 жасында оның алғашқы өлеңдер жинағы жарияланады. Оның карьерасы 1937 жылы Голливудта “B” санатының фильмдерiне сценарий жазудан басталады. Ол екiншi дүниежүзiлiк соғыстың алғашқы жылдарында авиацияда қызмет көрсетедi. Оның бөлiмшесi 1941 жылы таратылғаннан кейін, Шелдон азаматтық өмiрге оралып студиялар үшiн сценарий жазуды жалғастырды. Оның сценарийлерін MGM және Paramount Pictures сатып алды. Шелдон 1963 жылдан бастап сенбестiк мәлiмдiлiкке жететiн телесериалдардың сценарийлерін жазуға кірісті. 1970 жылы Шелдон өзінің бiрiншi «Масканы үзу» романын жазғаны үшін Эдгар По сый ақысын алады . Оның Романдары 56 тiлге аударылып, 300 миллионнан артық тиражбен 100ден астам елдерде басып шығарылған жәнеоның жазған сценарийлері бойынша 25 фильм түсірілген.Оның есiмi «бестселлер» сөздiң синониміне айналған. Шелдон Сидни әдебиетке және кинематографияға сіңірген зор еңбегі үшін голливудтың даңқты саяжолында атаулы жұлдызды иемденді. Одан басқа, оның есiмi Гиннес рекордтар кiтабына тіркелген: Шелдон — әлемде ең жиі аударылатын автор.
Американдық жазушысы Сидни Шелдонның өмірбаяны

Алдыңғы жазба